Все регионы
  • Искать во всех регионах
  • Алматы
  • Астана
  • Актобе
  • Кокшетау
  • Атырау
  • Усть-Каменогорск
  • Тараз
  • Караганда
  • Темиртау
  • Жезказган
  • Костанай
  • Кызылорда
  • Байконыр
  • Актау
  • Павлодар
Не найдено - ""
Объявление снято с публикации
7 ноября 2016


Көлік сатып алғанда тіркеу куәлігіңді алуды ұмытпа

Байконыр | Добавлено: 13 августа 2015, номер объявления: 134366

Көлік сатып алғанда тіркеу куәлігіңді алуды ұмытпа, Отдам даром

Байконыр | 13 августа 2015, номер: 134366, просмотры: 145
    Мемлекеттік көлік құралының тіркеу куәлігін беру және ауыстыруды бұрындары ІІД ТЕА бөлмінің қызметкерлері жүргізсе, қазір 2015 жылдың желтоқсан айының 23-нен бастап Талдықорған қалалық Мамандандырылған ХҚКО-да жүзеге асырылады. Бизнес – үрдісті автоматтандыру, барлық дерекқор базалары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіріп, автокөлік құралын тіркеу үшін қажетті барлық кезеңді бір ғана орталықтың ішінде көрсетілуін қамтамасыз ету нәтижесінде қызмет көрсету уақыты екі сағатқа дейін қысқартылды және азаматтармен тиісті құжатты әзірлеуге жауапты орындаушылар арасындағы тікелей байланыс жойылды.
    Көлік құралдары - олардың меншік иесіне ғана тіркеледі. Жеке тұлғаға- тіркелген тұрғылықты тұратын жеріне, заңды тұлғаларға- заңды мекен-жайына, ал заңды тұлғаның филиалдары, филиалдың орналасқан жері бойынша тіркеледі. Көлік иесі жұбайымен немесе зайыбымен бірлесіп, нотариалды расталған меншік құқығы туралы куәлікті ұсынғанда тіркеу құжатының «Ерекше белгілер» бөліміне тіркеу пунктінмен расталған «Тең иесі- Т.А.Ә» деген жазба енгізіледі. Егер меншік иесі 14 жасқа жетпеген кәмелетке толмаған азамат болған кезде көлікті тіркеуді оның ата-анасы, асырап алушысы немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдар жасайды, ал көлік иесі 14 жастан 18 жасқа дейінгілер аталмыш азаматтардың жазбаша келісімімен жасалынады. Қазіргі таңда 1- қаңтар 2015 жылдан бастап көлік құралының тіркегенде жаңа куәліктер беріле бастады. Нақтырақ айтқанда бұл жаңа мәліметтер келтірілген жолдары бар жаңа техникалық төлқұжат болмақ. Құжатқа:VIN-код, яғни автокөлік құралын идентификациялау нөмірі, ең алғашқы тіркеу датасы және көлік құралын шығарушы ел енгізіледі. VIN-код арқылы көліктің шығарылған елін, иесі кім екенін және қандай жол - көлік оқиғасына қатысы бар екенін білуге болады.
    Көлік құралының тіркеу куәлігін беру және ауыстыру: тіркеу куәлігін жоғалтқанда, мекен-жайын ауыстырғанда, сатып алу- сату шарты жасалғанда және екі жақтыңда меншік иесі көлік құралын ауыстырғанда беріледі.

    Қосымша ақпаратты www.con.gov.kz сайтынан немесе бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.







    Яндекс.Метрика