Все регионы
  • Искать во всех регионах
  • Алматы
  • Астана
  • Актобе
  • Кокшетау
  • Атырау
  • Усть-Каменогорск
  • Тараз
  • Караганда
  • Темиртау
  • Жезказган
  • Костанай
  • Кызылорда
  • Байконыр
  • Актау
  • Павлодар
Не найдено - ""
Объявление снято с публикации
7 ноября 2016


Некені онлайн –режимінде тіркеу

Байконыр | Добавлено: 23 сентября 2015, номер объявления: 154019

Некені онлайн –режимінде тіркеу, Отдам даром

Байконыр | 23 сентября 2015, номер: 154019, просмотры: 92
    Ақпараттық-инновациялық технологиялармен халыққа электронды қызмет көрсету дамыған ғасырда онлайн-режімде өтініш бере отырып, некені электронды түрде тіркеу ісін жетілдіруге мүмкіндік туды.
    Некеге онлайн режимінде тіркеу, тек Қазақстан Республикасының азаматты бірінші рет некеге тұратын, балалары жоқтар қолдана алады.
    Некені онлайн-режімде тіркеуге арналған өтінішті беру үшін электронды санды қолтанба (ЭСҚ) болуы қажет. Екінші немесе одан да кейінгі некелерді тіркеуге арналған өтінішті электронды үкімет порталы арқылы бере алмайсыз. Алайда, электронды өтініш беру некеге тұру туралы қағаз жүзінде өтініш беру мүмкіндігін шектемейді. Некеге тұруды тіркеуге арналған өтініш www.egov.kz электронды үкімет порталында толтырылады және некеге тұратын тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес басқа да мәліметтерді қамтиды. Некені тіркеуге арналған онлайн өтінішті некеге тұрудың жоспарланған датасына дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде беру керек. Өтінішті толтыру рәсімі өткеннен кейін өтініш иелері АХАТ қызметінің өтінішті қабылдағандығы туралы хабарлама алады. Электронды өтінішті алған соң әділет органы толтырылған өтінішті тексере отырып, некені тіркеудің уақытын, күнің және орнын көрсетеді. Некеге тұруды тіркеу үшін алынатын мемлекеттік баж салығын төлеуді электронды үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады. Некені тіркеу үшін онлайн-төлемді өтініш берушілердің біреуі төлейді. Сонымен, некеге тұруға ниет білдірушілер үйден шықпай- ақ, некеге тұру туралы электронды өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.







    Яндекс.Метрика