Все регионы
  • Искать во всех регионах
  • Алматы
  • Астана
  • Актобе
  • Кокшетау
  • Атырау
  • Усть-Каменогорск
  • Тараз
  • Караганда
  • Темиртау
  • Жезказган
  • Костанай
  • Кызылорда
  • Байконыр
  • Актау
  • Павлодар
Не найдено - ""
Объявление снято с публикации
7 ноября 2016


Мобильді үкімет қосымшасы

Талдыкорган | Добавлено: 15 июля 2015, номер объявления: 120430

Мобильді үкімет қосымшасы, Отдам даром

Талдыкорган | 15 июля 2015, номер: 120430, просмотры: 118
    Мобильдік үкімет - халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша каналы. Қызметті енді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алу мүмкіндігі бар. Мобильдік үкімет – жасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың үлкен санымен өзара байланысқа арналған қолайлы жол, себебі ол жаппай қол жетімді.
    Мобильдік үкіметтің қызметтерін және сервистерін пайдалану үшін, сізге азаматтардың Мобильдік базасында тіркелу қажет. Тіркеу мыналар арқылы қол жетімді :
    1.www.egov.kz электрондық үкімет порталы
    2.ҚР халыққа қызмет көрсету орталықтары
    3.egov.kz мобильдік қосымшасы
    «Мобильдік үкімет» пайдаланушысы бола отырып, сіз:
    мемлекеттік деректер қорынан өз дербес деректеріңізді қарай аласыз, ол – мобильдік жеке кабинет деп аталады. Мобильдік жеке кабинетте сіз ақпаратты көре аласыз:
    1.сіздің орналасқан орныңыз туралы;
    2.тұрғылықты және тіркелген мекенжайлары;
    3.жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері;
    4.заңды тұлғаларға қатысу айғағы;
    5.некені тіркеу туралы мәліметтер;
    6.әлеуметтік мәртебесі;
    7.сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәліметтер;
    8.жүргізуші куәлігінің деректері;
    9.сіздің ЖСН тіркелген лицензиялар бойынша мәліметтер;
    10.көліктік ақпарат;
    11.ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың болуы/болмауы.
    Өз ұялы телефоныңа хабарламалар алу, мысалы : ХҚКО және «электрондық үкімет» порталында құжаттардың дайын екендігі туралы, ЖҚЕ бұзылуы және айыппұл сомасы туралы, сондай-ақ т.б. туралы;
    сонымен қатар, мобильдік үкімет пайдаланушылары, мобильдік қосымшаны жүктеместен ақпаратты SMS-хабарлама арқылы ала алады, келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін 1414 қысқа нөміріне мәтін жіберу қажет:
    1.1414 «автомобиль техтексеріс нөмірі» мәтінін жіберіп, техтексерістен өтудің қолданыс мерзімдерін қарау;
    2.1414 «тұрғын үйге кезек ЖСН» мәтінін жіберіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезек нөмірін қарау.
    Мобильді үкімет қосымшасын жүктеу және толық ақпарат үшін аудандық ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторының» инспекторларына жолығуларыңызға болады.







    Яндекс.Метрика