Все регионы
  • Искать во всех регионах
  • Алматы
  • Астана
  • Актобе
  • Кокшетау
  • Атырау
  • Усть-Каменогорск
  • Тараз
  • Караганда
  • Темиртау
  • Жезказган
  • Костанай
  • Кызылорда
  • Байконыр
  • Актау
  • Павлодар
Не найдено - ""
Объявление снято с публикации
7 ноября 2016


Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын өзектендіру жа

Байконыр | Добавлено: 23 сентября 2015, номер объявления: 154003

Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын өзектендіру жа, Отдам даром

Байконыр | 23 сентября 2015, номер: 154003, просмотры: 100
    Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында азаматтар туралы мәліметтерді өзектендіру жөнінде бүкіл елімізде кампаниялар жүргізуде. Олардың қызметкерлері жергілікті тұрғындардың пәтерлерін аралауда және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәліметтерін түзету немесе қайта құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жібереді.
    Деректер қорындағы көптеген сәйкессіздіктер оның құрылған сәтінен орын алған, ол кезде ақпарат жүйеге қағаз тасығыштардан түсірілген болатын. Біреулері жаңа тұрғылықты жері бойынша қайта тіркеуден өтпеген, енді біреулері басқа елге көшіп кеткен, бірақ құжаттарын тапсырмағандықтан, базада есепте тұра берген. Қайтыс болғандардың туыстары қайтыс болу туралы куәлікті алмағандықтан, деректер қорында тірі адамдар ретінде тіркелген жағдайлар да орын алды.
    Сондай-ақ, бүгінгі күні қолданылу мерзімі өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында:
    - қолданылу мерзімі өткен жеке куәліктер;
    - тұрғылықты жері нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтін, оның ішінде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетілген ескі үлгідегі жеке куәліктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.
    Айта кетейік, өзекті деректері бар ескі үлгідегі жеке куәліктердің болуы және қолданылу мерзімі өтпеген жаңа үлгідегі куәліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
    Алайда, қоллданылу мерзімі өткен не деректері ескірген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшін ХҚКО-ларға (көші-қон бөлімдеріне) жүгіну керектігін естеріңізге саламыз.







    Яндекс.Метрика